RU

11796-ға жетті: Елде коронавирус жұқтырған тағы 225 адам тіркелді

Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 225 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 11796-ға жетті деп хабарлайды KAZ,NUR,KZ.

11796-ға жетті: Елде коронавирус жұқтырған тағы 225 адам тіркелді
Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Қазақстандағы коронавирус бойынша 2 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өсім 1,9% құрады.

Аймақтар бойынша:

Батыс Қазақстан облысы - 40 (5,8%)

Алматы қаласы – 39 (1,5%)

Қызылорда облысы - 30 (7,2%)

Нұр-Сұлтан қаласы – 23 (1,0%)

Атырау облысы - 21 (1,9%)

Шымкент қаласы - 21 (2,4%)

Маңғыстау облысы - 17 (5,8%)

Ақтөбе облысы - 14 (4,0%)

Шығыс Қазақстан облысы - 6 (4,2%)

Алматы облысы - 5 (1,3%)

Жамбыл облысы - 5 (1,3%)

Қостанай облысы - 2 (1,1%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (3,4%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 11796.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстан аумағында тағы 3 адам жаңа типті жұқпалы аурудың құрбанына айналды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен болған қайғылы жағдайлар саны 44-ке жетті.

"Шымкент қаласында 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысында 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 1959 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858622-11796-ga-zetti-elde-koronavirus-zktyrgan-tagy-225-adam-tirkeldi/