RU

Президент Қазақстанда АҚШ әскери базасын салуға қатысты жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды сұхбат беріп, оның барысында Қазақстан аумағында Америка Құрама штаттарының әскери базасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Қазақстан басшысы "Комсомольская правда".басылымының журналисіне сұхбат берді.

Ол алыс және жақын шетелдік елдермен серіктестік жайлы сұрақтарға жауап бере отырып, қазақстандық жерде америкалықтардың әскери базасының пайда болуы қаншалықты рас екеніне қатысты пікір білдірді.

  • Президенттің сөзінше, мемлекеттің мүлде ондай жоспары жоқ.

Қазақстан басшысы еліміз АҚШ-пен энергетика, инвестиция және технология секілді көптеген салалар бойынша серіктестік құрғанын атап өтті. Қос мемлекет билігі ядролық қару мәселесін жиі талқылап тұратыны белгілі болды.

"Қазақстан аумағына АҚШ әскери базасын салу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, тіпті талқыланбайды.
Алайда, Қазақстан мен Америка Құрама штаттары арасындағы энергетика, инвестиция және технология сияқты страгтегиялық салалар бойынша орнаған серіктестік қарқынды даму үстінде. Біз үнемі ядролық қарудан бас тарту мен оны таратпау тақырыбын жиі көтереміз" , - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қос елдің мамандары биологиялық қауіпсіздік саласында бірге жұмыс істеген. Алайда, жақында америкалық сарапшылармен келісімшарт аяқталған.

Сол себепті, оңтүстік астана маңындағы обаға қарсы институт базасында тек қазақстандық зерттеушілер қызмет етіп жатыр. Ғылыми жобалар мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы отандық мамандар бұл бағытта Ресейдегі әріптестермен бірге жұмыс істеп көруге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858624-prezident-kazakstanda-aks-skeri-bazasyn-saluga-katysty-zauap-berdi/