RU

Доллар курсы 400 теңгеден төмендеді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00 жағдай бойынша доллар орташа бағамы 396,77 теңгені (-5,50) құрағанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Доллар курсы 400 теңгеден төмендеді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні таңертең доллар бағамы 402,79 теңгені құрады.

Айырбастау орындарында доллар 397-398,5 теңгеден, еуро– 445-449 теңгеден, рес.рубль – 5,85-5,90 теңгеден сатылып, сатып алынып жатыр.

Ал мұнайға әлемдік баға өсуде.

Осылайша, WTI мұнайының шілде фьючерстері 2,15% - ға өсіп, барреліне 37,60 $құрады.

Brent маркалы мұнай фьючерстері тамыз айында 1,26% — ға-барреліне 40,07-ге дейін өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858671-dollar-kursy-400-tegeden-tmendedi/