Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн сәулесі коронавирусты жоя ала ма

Опубликовано:

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесінің коронавирусқа қалай әсер ететінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бекшин күн сәулесі коронавирусты жоя ала ма деген сауалға жауап берді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бекшин коронавирустың адам ағзасына тері арқылы емес, шырышты қабық арқылы енетінін айтады.

"Коронавирус инфекциясы тыныс алу жолдары арқылы кіреді. Вирус адам ағзасына тері арқылы емес, шырышты қабық арқылы енеді. Адам қолына вирус тиген жағдайда аузын, мұрнын, көзін жиі ұстайды. Халықаралық жаңалықтарды көрсеңіздер, барлығы көзәйнек тағады. Ол көздің шырышты қабығын қорғау үшін тағылады", - дейді ол.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин журналистердің "күн сәулесі коронавирусты жоя ала ма?" деген сауалына жауап берді.

"Бұл мәселе бойынша толық дәлелді зерттеулер жоқ. Тұмау вирусы сәуір-мамырда бәсеңситінін білеміз. Ауа температурасы көтеріліп, күн жылынғанда тұмау вирусы әлсірейді.
Ал коронавирус инфекциясына келсек, климаты ыстық елдер Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістан елдерінде қазір вирус өршіп тұр. Тіпті қазір Алматының өзінде +30 градус ыстықта жұқтыру көрсеткіші төмендер емес. Вирусқа ультракүлгін сәуле ықпал ете алмайды. Сондықтан, жабық бөлмеде ұзақ отыруға болмайды", - дейді Алматының бас санитарлық дәрігері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда карантин әлі аяқталмағанын керісінше, белгілі бір деңгейде күшейе түскенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858760-beksin-kn-sulesi-koronavirusty-zoa-ala-ma-degen-saualga-zauap-berdi/

pixel