RU

Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы төрт адам қайтыс болды. Осылайша, қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 48-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысында - 1964 жылы туған ер адам, Атырау облысында - 1964 жылы туған және 1951 жылы туған ер адамдар, Нұр-Сұлтан қаласында - 1951 жылы туған әйел адам Covid-19-дан қайтыс болды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп тіркеу туралы шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 8

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 9

Ақмола облысы – 4

Атырау облысы – 2

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 4

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 4

Түркістан облысы – 1

Соңғы дерек бойынша, елімізде қауіпті дерт 11796 адамнан анықталды.

Еске сала кетсек, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Facebook әлеуметтік желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" онлайн эфирінде елімізде жасалған коронавирус анықтамасы шетелде жарамды ма деген сұраққа жауап қайырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858775-kazakstanda-koronavirustan-tagy-trt-adam-kajtys-boldy/