Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішпейді": Қос полицейдің өліміне себеп болған күдіктінің анасы мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Алматыдағы блок-бекетте апат жасап, екі полицейдің өліміне себеп болған күдіктінің анасы мәлімдеме жасады. Ол ұлының әдейі адам өлтірмегеніне сенімді. Сонымен қатар Азат Азаматовтың алкогольді сусынға әуестігі жоғын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Telegram және polisia.kz
Видеодан кадр/Telegram және polisia.kz: Instagram

Азат Азаматовтың ата-анасы телеарнаға ұлының қай абақтыда жатқанын іздеуге кеткенін айтып, оның ішімдікке әуестігі болмағын жеткізді. Одан бөлек, елдің есін шығарған қылмысты "перзентімнің әдейі жасауы мүмкін емес" дейді.

"Сенбеймін, сенбеймін. Қасақана адам өлтірді дегенге мен сенбеймін. Ешкім де ойламайды ғой. Мен өз баламды сондайға барады деп айтпаймын ғой, дұрыс па? Ол ішпейді де, темекі де тартпайтын", - деді күдіктінің анасы Клара.

Алайда қалалық полиция департаментінің баспасөзсқызметі күдіктінің жол апаты кезінде мас болғанын мәлімдеген.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Осыдан кейін күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде түрлі деректер шықты. Оның тәртіп сақшысы болғандығы да айтылды.

Ал қалалық полиция департаменті полиция қызметкері деген ақпаратты басында жоққа шығарып, бір күннен кейін, жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Марқұм Абдықанов Дастанның жары әлеуметтік желідегі парақшасында күдіктінің күйеуімен бірге жұмыс істегенін жеткізсе, ал марқұмның әкесі Instagram-дағы жазбаларды келіні жазбағанын айтты. Ол БАҚ беттері мен желіде тараған мәліметтерді естігенін, бірақ оған сұқбат беруге отбасы мүшелерінің мүмкіндіктері болмағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858776-ispejdi-kos-policejdi-limine-sebep-bolgan-kdiktini-anasy-mlimdeme-zasady/