RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

Өткен тәулікте елімізде тағы 271 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай: Өткен тәулікте 271 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ауру өсімі 2,3 пайыз", - делінген хабарламада.

COVID-19 инфекциясы табылғандардың 68-і Қарағанды облысынан, 55-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 35-і Атырау облысынан, 26-ы Алматы қаласынан, 22-і Батыс Қазақстан облысынан, 21-і Алматы облысынан, 11-і Шығыс Қазақстан облысынан, жетеуі Жамбыл облысынан, жетеуі Қостанай облысынан, төртеуі Ақтөбе облысынан, үшеуі Солтүстік Қазақстан облысынан, үшеуі Шымкент қаласынан, біреуі Ақмола облысынан және бір адам Қызылорда облысынан.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 12067.

Еске сала кетейік, 3 маусымда тағы 4 адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды.

Өлім жағдайлары Қарағанды мен Атырау облысында және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Атырау өңірінде коронавирустан екі адам қайтыс болған.

Сонымен қатар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ескертті.

Президенттің сөзінше, үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан коронавирус жұқтырған азаматтарымыз азаймай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858797-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-12-mynan-asty/