Швецияның бас эпидемиологы коронивируспен күресте өзі ұсынған әдістің қате екенін мойындады
Опубликовано:
Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнелл коронавирус инфекциясымен күресте өзі ұсынған әдістің қате болғанын мойындады. Маман елде карантин режимін жариялауға қарсы болған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Бұл індет туралы қазіргі кезде білетін мәліметтерімізді сол уақытта білгенде біз Швецияда жасалған іс-әрекеттер мен бүкіл әлемдегі карантиннің ортасындағы дара жолды ұстанатын едік", - дейді Тегнелл Швед радиосына берген сұхбатында.
Эпидемиологтың пікірінің өзгеруіне елдегі пандемиядан қайтыс болғандардың көптігі себеп болған.
"Біздің Швецияда қолданған әдісімізді бұдан гөрі жетілдіріп, әлдеқайда жақсартуға болатын еді", - дейді ол.
Сонымен қатар маман Швецияда коронавирус инфекциясынан мезгілсіз көп адам көз жұмды деп санайтынын атап өтті.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Швецияда 40 803 адамнан коронавирус анықталған. Олардың 4542-сі көз жұмған.
Еске сала кетсек, осыған дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі Леспек Құтымбетов елімізде COVID-19 қарсы препарат елімізде қалай әзірленіп жатқанын айтып берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858805-sveciany-bas-epidemiology-koroniviruspen-kreste-zi-syngan-disti-kate-ekenin-mojyndady/