RU

Ақтөбелік полицей жүргізушіні посттан өткізгені үшін екі блок темекі алған

Ақтөбеде полиция қызметкері екі блок темекі үшін жүргізушіні бақылау-өткізу пункті арқылы өткізіп жіберген деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Telegram ресми арнасынa сілтеме жасап.

Ақтөбеде полицей жүргізушіні бақылау бекетінен өткізу үшін екі блок темекі алған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның мәліметінше, қазір өңірдің ЖПП патрульдік басқармасына қатысты іс қаралуда.

Тергеу қызметі полицейді 30 мамыр күні бақылау-бекетте қызметте тұрған кезде екі блок темекі түрінде пара алған деген күдікке алды. Олардың құны 10 мың теңгені құрайды. Жүргізуші Ақтөбедегі блок-бекеттен өту үшін тәртіп сақшысына темекі берген.

Бұл жағдайда қызметкер ұсталмапты, өйткені ол бұл әрекетті бірден мойындаған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктер мен судьяларға қатысты қаралған бірқатар істер туралы ақпарат жариялады.

Атап айтқанда, Алматы облысындағы аудан әкімінің орынбасары күдікті болып отыр.

Сонымен қатар, әңгіме аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы болып отыр. Хабарланғандай, мемлекеттік қызметкер 32,5 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда.

Ал Алматыда 850 мың теңге пара алғаны үшін судья сотталды. Фемида қызметшісі 4 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, енді оған мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қазақстанда үйде отырмау және карантинге жабылған аймақтардан өту үшін пара беру фактілері бойынша бірнеше тергеу амалы жүріп жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858893-aktbelik-policej-zrgizusini-posttan-tkizgeni-sin-eki-blok-temeki-algan/