RU

"Шағымдардың болуы заңдылық": Күдебаев өзінің жаңа жұмысына баға берді

Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев аймақтағы жұмысы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі: Twitter

Генерал-майор бес айдағы жұмысын қалай бағалайтынына тоқталды.

Күдебаев қызметін жоғары деңгейде атқаруға тырысатынын, алайда оның бағасын Алматы облысының тұрғындары беретінін айтты.

"Егер біз жақсы жұмыс істесек, тұрғындар біздің жұмысымызға риза болса - бұл ең жоғары баға. Біз әр жұма сайын онлайн режимінде азаматтар біздің жұмысымызға көңілдері толу үшін тұрғындардың сұрақтарына жауап береміз.
Шағымдар мен сұрақтардың болуы заңдылық. Алайда біз жұмысымызды жақсарту үшін барымызды салудамыз. Менің тарапымнан өзімнің жұмысыма баға беру әділ болмайды деп ойлаймын. Бірақ барлығын жақсы жасауға әрекет етемін", - деді Серік Күдебаев.

Айта кетейік, Серік Күдебаев 1965 жылы Алматы облысында туған.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, мамандығы заңгер.

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы Криминалды полиция басқармасының бастығы, Қарасай аудандық ішкі істер басқармасында бастық болып жұмыс істеген.

Ол осы жылдың қаңтар айының соңында Алматы қалалық полиция департаменті басшысы қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858922-sagymdardy-boluy-zadylyk-kdebaev-zini-zaa-zmysyna-baga-berdi/