RU

Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Бұған дейін коронавирус инфекциясы анықталған 1957 жылғы Екібастұз қаласының тұрғыны көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент гипертониялық және эндокриндік аурулармен диспансерлік есепте тұрған.

17 сәуірде жедел жәрдем бригадасы тұрғынды карантиндік стационарға КВИ расталған жағдайымен жақын байланыста болған адам ретінде жеткізген.

Марқұмның 23 сәуір күні COVID-19-ға тапсырған тест нәтижесі теріс болып шыққан. Емхананың медицина қызметкерлерімен күнделікті мониторинг жүргізіліп, ол үй карантиніне ауыстырылған. 

29 сәуірде тұрғыннан қайта талдау алынып, 1 мамырдағы нәтиже ода коронавирус бар екенін растаған. 

2020 жылдың 1 мамырында тұрғын жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.  

Жүргізілген емнің аясында жағдайы нашарлап, 8 мамырда реанимациялық бөлімге ауыстырылған. 

9 мамырдан бастап өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілген.

"Жүргізіліп жатқан қарқынды терапияға қарамастан, 4 маусымда 05 сағат 50 минутта пациенттің биологиялық өлімі тіркелді", - деп хабардар етті облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Ведомствоның мәліметінше, өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, өлім жағдайы коронавирустық инфекциядан болған.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте төрт адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858958-elimizde-tagy-bir-adam-koronavirustan-kajtys-boldy/