RU

"Өте қайғылы жағдай": Трамп афроамерикалықтың өліміне қатысты пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Фото: dni24.com
Фото: dni24.com: Depositphotos

Теледидар арқылы сөз сөйлеген Ақ үй қожайыны полицейлердің афроамерикалық азаматқа қарсы қолданған әрекетіне өз пікірін айтқан.

"Бұл өте қайғылы жағдай. Оған жол бермеу керек еді. Полиция қызметкерінің ойында не болғаны түсініксіз. Қалған үшеуінің неге араша түспегені беймәлім", - дейді Дональд Трамп.

Шон Спайсерге берген сұхбат барысында АҚШ президенті либералды құндылықты ұстанатын аймақ басшыларының әлсіздігіне тоқталды.

Айтуынша, дәл соның салдарынан Ақ үй Миннеаполиске ұлттық гвардия жіберуге мәжбүр болған. Бұдан бөлек, Америка басшысы осы оқиғаға байланысты әділдік орнап, бәрі заң жүзінде шешілетініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындаған болатын.

Тұтқындау кезінде полиция қызметкері тізесімен оны мойнынан басып тұрған.

Марқұм айқайлап, тұншығып жатқанын жеткізген. Алайда тәртіп сақшылары бұған назар аудармаған. Кейін Джорж Флойд жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл оқиға өз кезегінде қоғамның наразылғын тудырып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын ала бастады.

Содан кейін АҚШ-тың ондаған қаласында наразылық акциялары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858962-te-kajgyly-zagdaj-tramp-afroamerikalykty-limine-katysty-pikir-bildirdi/