RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 52-ге жетті

Елімізде 4 маусымда COVID-19-дан қайтыс болған тағы төрт адам тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 52-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos
"Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды. Қарағанды облысында - 1958 жылы туған ер адам, Павлодар облысында- 1957 жылғы әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1944 жылғы әйел адам, Шымкент қаласында - 1950 жылғы әйел адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 52 адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған 1957 жылғы тұрғын жайлы хабарлаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, марқұм Екібастұз қаласының тұрғыны.

Ол бастапқыда карантиндік стационарға КВИ расталған жағдайымен жақын байланыста болған адам ретінде жеткізілген.

Алайда бірінші ретте тұрғыннан вирус анықталмаған. Тек екінші талдау нәтижесі марқұмда коронавирус бар екенін көрсеткен.

2020 жылдың 1 мамырында тұрғын жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.   Жүргізілген емнің аясында жағдайы нашарлап, 8 мамырда реанимациялық бөлімге ауыстырылған. 9 мамырдан бастап өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алайда жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, 4 маусым 05 сағат 50 минутта пациент көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858967-kazakstanda-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-52-ge-zetti/