RU

400-ге жуық жүк көлігі қазақ-қырғыз шекарасында тұрып қалды (видео)

Төрт жүзге жуық жүк көлігі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Ақ-Тілек-Автожол" пунктінде бірнеше шақырымдық кептеліс тудырды. Бұл жағдайға көрші республиканың вице-министрі Эркин Асрандиев түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жүздеген жүк көлігі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тұрып қалды (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Шенеуніктің айтуынша, шекарадан Қазақстанға өту қиындықтары 2019 жылдың аяғынан бастап пайда бола бастаған.

Қазіргі уақытта бірнеше күннің ішінде шекарадан үш жүзден төрт жүзге дейін жүк тасымалы жүреді.

Асрандиев бұл оқиғаға қырғыз тарапының кінәсі жоқ екенін айтып отыр. Ол жеке өзі пунктке келіп, шекарашылардың жұмысын тексерген, содан кейін олардың жағынан рәсімдеу жеңіл әрі салыстырмалы түрде тез өткен.

Сонымен бірге, вице-министрдің айтуынша, қазақстандық тарап "бәрін баяу жүргізіп жатыр".

Видеода жүк түсірушілер Қазақстанға кіруді бірнеше күн күту олар үшін қиын екенін, айналасында тамақ пен су болмағандықтан, тіпті жуына алмай жүргендерін айтты.

Ыстық күн астындағы жабық контейнерлерде сақталған тез бүлінетін өнімдерді тасымалдаушылар үшін бұл өте қиын.

Жағдайды бағалаған Шенеунік жағдайдың одақтас мемлекеттер арасындағы қолданыстағы келісімдерге қайшы келетінін айтуда.

Асрандиев сонымен қатар бұл мәселені ЕАЭО алқасына жолдау арқылы шешуге тырысып жатқандығын алға тартты. Шенеунік бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859002-400-ge-zuyk-zk-kligi-kazak-kyrgyz-sekarasynda-tryp-kaldy-video/