Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында үйі өртенген әйел бес баласымен далада қалды

Опубликовано:

Ақмола облысында көпбалалы ана өрттің салдарынан үйсіз қалды. Ол ғажайыптың күшімен аман қалған. Оны көршісі құтқарып үлгеріпті. Абырой болғанда, сол түні үйде балалары болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысында әйел өрттен кейін бес баласымен далада қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Көршісінің сөзінше, оның қызы өрттің пайда болғанын байқапты. Ер адам оянып, бір минутты да жоғалтпай көршісін құтқаруға жүгіреді.

Ол есікті итеріп жібергенде үйден қалың түтін шыққан. Олар Үміткүлді ғажайыптың күшімен құтқарып қалды деп хабарлайды Евразия Бірінші арнасы.

Зардап шегуші әйел сыртқа шыққан кезде үйдегі газ баллон жарылған көрінеді. Қуанышқа орай, сол түні балалар туыстарына қонаққа кеткен. Алайда үйсіз қалған келіншек енді не істерін білмейді.

Отбасының ештеңесі қалмаған. Ыдыс та, тамақ та жоқ. Оның үстіне баспанасы кепілде тұрған екен.

Қазір келіншек бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатыр. Балалары әзірге туыстарының үйінде жүр. Ауыл тұрғындары отбасына көмектесу үшін ақша жинауда. Әкімдік те оларға көмектесуге уәде берді.

Олар үйдің шатырын жөндейтіндерін айтқан. Құрылыс материалдары сатып алынып, жөндеу жұмыстарына еріктілер тартылады.

Алайда әкімдік отбасына толық өтемақы төлей алмайтынын айтты. Алдымен олар өрт сөндірушілердің қорытындысын алу керек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас жағдай Алматы облысында орын алған еді. Онда жеті балалы Шенгелбаевтар отбасының жалдап отырған пәтерлері өртке оранған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859010-akmola-oblysynda-ji-rtengen-jel-es-balasymen-dalada-kaldy/

pixel