RU

Шымкентте карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

Шымкент аумағында карантин мен шектеу шаралары 22 маусымға дейін жалғасатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Департамент сайтында Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысы жарияланған.

Құжатқа сәйкес, карантин мен шектеу шаралары қала аумағында 8 маусымнан 22 маусымға дейін жалғасады.

Санитарлық-дәрігер өткен аптада вирустың өсімі 3,7 пайызды құрағанын айтты.

Қаулыда қала тұрғындарының маска режимін сақтауы, мегаполис бойынша қозғалыс тек қажет кезде ғана орын алу керектігі айтылды.

Cонымен қатар, тиісті құжатта базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) мен тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты көрсетілген.

Одан бөлек, қаланың бас дәрігері жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар жасады.

Қаулының толық мәтінін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтынан оқуға болады.

Coronavirus2020.kz сайты ұсынған мәлімет бойынша Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың саны 932-ге жеткен. Оның 420-сы жазылып, ауруханадан шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында карантин шаралары қайта күшейтілетінін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859276-symkentte-karantin-22-mausymga-dejin-zartyldy/