RU

Канада премьер-министрі афроамерикалық Джордж Флойдты еске алып, тізе бүкті (видео)

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо полиция нәсілшілдігі мен қатыгездігіне қарсы наразылық акциясына қатысты және мыңдаған қатысушымен бірге қайтыс болған афроамерикалық Джордж Флойдты еске алып, тізе бүкті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Канада премьер-министрі афроамерикалық Джордж Флойдтың еске алып, тізе бүкті
Видеодағы кадр: UGC

Назарылық шеруі жұма күні Оттаваның орталығында орналасқан парламент ғимаратының алдында өтті.

Шеруге қатысушылар қатарынан қорғаныс бетпердесін киген Канаданың премьер-министрі де бой көрсетті, Трюдо көпшілікпен бірге Флойдты еске алып, тізерлеген күйде отырды.

Осыдан кейін наразылық білдірген мыңдаған адам премьер-министрсіз қала көшелерін шарлап, шеруге шықты. Порталдың хабарлауынша, жиналғандар бейбіт жолмен жүріп, қолдарында "Полицияны қарусыздандыру қажет", "Есімдерін атаңыздар" деген плакаттар ұстаған.

Шеруді ұйымдастырушылар полициядан алыс тұруды сұраған және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық түсірілім мен видеодан бас тартқан.

Осыған ұқсас акция Торонто қаласында да болып өтті, ақпаратқа сәйкес, оған мыңнан астам адам қатысқан.

Олар сондай-ақ "Қолыңды көтер, атпаңдар", "Нәсілшілдік те пандемия" деп жазылған плакаттармен шыққан.

Еске сала кетсек, Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі кезінде Миннеаполис мэрінің көз жасына ерік бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859288-kanada-premer-ministri-afroamerikalyk-dzordz-flojdty-eske-alyp-tize-bkti-video/