RU

Ғалымдар науқастың ми жасушаларына коронавирустың қалай енетінін анықтады

Неміс молекулалық биологтары коронавирус инфекциясының жаңа түрі адамның миына енетінін анықтады. Олардың пікірінше, бұл мұрынның шырышты қабаттары арқылы жүзеге асады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар науқастың ми жасушаларына коронавирустың ену жолын тапты
Көрнекі фото: pexels.com: UGC

Ғалымдардың BioRxiv электронды ғылыми кітапханасындағы мақалада жарияланған зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес, коронавирус адамның миына мұрынның иіс сезу рецепторлары арқылы еніп, сол арқылы орталық жүйке жүйесіне жетеді екен.

"Коронавирустың жаңа түрі (SARS-CoV-2) иіс сезу жолының бойымен мидың орталық аймақтарына қарай қозғалып, иіс сезу эпителийі арқылы адамның миына енетінін анықтадық. Бұл CoViD-19 инфекциясының көптеген белгісін, соның ішінде иіс пен дәм сезудің жоғалуына түсінік бола алады", – деп жазады зерттеушілер.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирус өкпеге зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар дененің басқа ұлпалары мен мүшелеріне, мұрынның, өңештің, қан тамырлары мен жүректің, сондай-ақ миға енеді.

Сонымен қатар, жуырда Германия мен Франция дәрігерлері ми жасушаларына енген коронавирус өлімге әкелетінін немесе нейродегенеративті аурулардың асқынуын жылдамдатуға себепші болатынын анықтаған.

Алайда өзге неміс ғалымдары ми ішінде тіршілікке бейімді коронавирус бөлшектерінің іздерін анықтай алмады.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 12 859-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859297-galymdar-naukasty-mi-zasusalaryna-koronavirusty-kalaj-enetinin-anyktady/