RU

Талдықорған маңына қайта блок-бекет қойылмайтын болды

Алматы облысында карантин шаралары қайтадан күйшейтіліп жатқанына қарамастан, Талдықорған маңына блок-бекеттер енді қойылмайды. Бұл туралы қала басшысының баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы жергілікті халықты уайымға салынбай, карантин талаптарын қатаң орындауға шақырды.

"Талдықорған айналасына санитарлық бекеттер орнатпаймыз. Уайымдамаңыздар. Бірақ, барша тұрғындардан карантин режимін қатаң түрде сақтауын сұраймыз. Талдықорған қаласы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысындағы барлық талаптарды орындау қажет" , - деп жазды Нұр Қанатұлы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов маңызды мәлімдеме жасап, өңірде карантин шаралары қайта күшейтілмек екенін хабарлады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында да карантин режимі қайтадан қатаңдатылды. Онда эпидемиологиялық жағдай күрделеніп, СOVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7 пайызға артқан.

Оған қоса, енді бұдан былай ҰҚК, әскерилер мен полицейлер карантинді күшейтуге құқылы болмақ. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады. Жаңа қаулыға сәйкес, карантин режимін күшейту туралы шешімді аймақтың бас санитарлық дәрігерлері, ІІМ мен ҰҚК-нің бөлім басшылары, санитарлық-эпидемиологиялық салада қызмет етіп жүрген президент істерін басқару ведомстволары қабылдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859309-taldykorgan-mayna-kajta-blok-beket-kojylmajtyn-boldy/