RU

"Африка – сенің үйің": Гана министрі АҚШ-тағы афроамерикалықтардан елге қайтуды өтінді

Гана мемлекетінің туризм, өнер және мәдениет министрі АҚШ-тағы афроамерикалықтарды Африкаға қоныс аударуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Modern Gana-ға сілтеме жасап.

"Африка – үйлерің": Гана елінің министрі АҚШ-тағы афроамерикалықтардан елге қайтуын өтінді
Фото: Коллаж KAZ.NUR.KZ: UGC

2020 жылдың 5 маусымында Гана мемлекетінің туризм, өнер және мәдениет министрі Барбара Отенг-Гяси Миннеаполистегі Джордж Флойдтың өлімі тек Америка Құрама Штаттарында ғана емес, бүкіл әлемдегі нәсілшілдікке нүкте қояды деп үміттенеді.

Отенг-Гясидің айтуынша, Америка Құрама Штаттарындағы нәсілшілдік 400 жылдан астам уақыт бойы "пандемия" болып келеді және Америкадағы қысым көрген қара нәсілділердің жалғыз жолы Африкаға көшу болуы мүмкін.

"Біз күй-ахуалды өзгерту үшін бауырластар болып жиналдық. Нәсілшілдікті тоқтауы керек",– деді министр.

Осыған орай Отенг-Гяси ханым Гана Африкаға қайтатын диаспораға келген әр адамды құшақ жая қарсы алатынын айтты.

Себебі бұл кұрлықта 400 жыл бойы жалғасып келе жатқан нәсілдік ерекшелікті кемсіту атымен жоқ.

"Біз қолымызды ашып тұрып, барлық бауырлас халқымызды үйге қайтуға шақырамыз. Гана – сенің үйің! Африка – сенің үйің! Біз сіздерді асыға күтеміз. Өтінеміз, артықшылықты пайдаланып, Ганада өмірлеріңізді әрі қарай құру үшін үйге келіңіздер, сіздерді керек қылмаған жерде қалудың қажеті жоқ, таңдау өздеріңізде, Африка сіздерді күтеді",– деп сөзін аяқтады Отенг-Гяси.

Еске сала кетсек, афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ қалаларын жаппай тәртіпсіздік жайлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859368-afrika---seni-ji-gana-ministri-aks-tagy-afroamerikalyktardan-elge-kajtudy-tindi/