RU

Ақтөбеде полиция инспекторы "ұрлық жасады" деген күдікке ілінді

Ақтөбеде полиция инспекторы "ұрлық жасады" деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде полиция инспекторы "ұрлық жасады" деген күдікке ілінді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті полиция инспекторының үстінен тергеу ісін бастады. Ақтөбе қалалық №1 полиция бөлімінің қызметкері жемқорлыққа қарсы күдікке ілінген. Департамент мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Аталған тұлға өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған. 2020 жылдың 7 және 29 наурыз аралығында Ақтөбе облысының полиция департаменті тергеу бөлімінің өндірісіндегі "Гарант 24 Ломбард" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс бойынша бұрын алынған "Опель Зафиро" маркалы автокөлікті қайтаруға ықпал ету сылтауымен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы полиция инспекторы облысының тұрғынынан 70 мың теңге сомасындағы қаражатты ұрлап алған.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды",-деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

Айта кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Алматы қаласына кіре берістегі блок-бекетте көз жұмған полиция қызметкері Дастан Абдықановтың жары күйеуіне арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859374-aktbede-policia-inspektory-rlyk-zasady-degen-kdikke-ilindi/