RU

СҚО тұрғыны балаларын құтқарып, өзі суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балаларын құтқарып, өзі суға батып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

СҚО тұрғыны балаларын құтқарып, өзі суға батып кетті
Фото: Хабар 24: Instagram

Қайғылы жағдай Ефимовка ауылы маңында болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, олар отбасымен жексенбі күні Есіл өзенінің рұқсат етілмеген жеріне барып демалған.

Кенеттен шомылып жүрген 10 және 12 жастағы жеткіншектер суға кетіп, әкесі оларды құтқарыпты. Алайда, ер адамның өзі өзі судан шыға алмай қалған.

Жалпы өткен демалыс күндері Қазақстан бойынша 8 адам суда мерт болды. Бұл ретте мамандар қауіпсіздік шараларын сақтап, тек арнайы белгіленген жағажайда шомылуға кеңес береді.

"Кеше ТЖБ қызметкерлері, полиция қызметкерлері және ауылдың тұрғындары ол денені іздеді. Бірақ таба алмағасын бүгін таңертең біз водолазды жібердік. Сағат 10:20-да денесі табылды. Қазір ол денені біз сот медициналық сараптамаға жібердік. Енді әрі қарай себебі анықталады",- деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында алты күнде 26 армениялық автокөлік тіркелді.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері молада жасалған екі ұрлықты әшкереледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859401-sko-trgyny-balalaryn-ktkaryp-zi-suga-batyp-ketti/