RU

Қазақстанда тағы үш әуежайдың коды өзгертілуі мүмкін

Қазақстанның ААК басшысы Талғат Ластаев астанадағы әуежай коды жаңартылғаннан кейін олар елдегі тағы үш әуежайдың кодын ауыстыруды көздеп отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тағы үш әуежайдың коды өзгертілуі мүмкін
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Кодтардың өзгертілуінің басты себебі - оларда шифрланған атаулар ескірген және олады қазіргі заманғы атаулармен ауыстырады деп хабарлады Ластаев брифинг кезінде.

Атап айтқанда, Азаматтық авиация комитетінің басшысы елдің үш қаласындағы: Ақтау, Атырау және Тараз әуежайларында халықаралық кодтарды жаңарту жоспарланғанын айтты.

Бұл қалалар үшін қазіргі кодтар мынадай: Таразда DMB (Жамбыл), Ақтауда SCO (Шевченко) және Атырауда GUW (Гурьев).

Аталған қалаларға арналған жаңа кодтардың нұсқалары әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Cұлтан қаласы әуежайының үш әріптік коды өзгертілгенін хабарлаған едік. Енді ол NQZ әріптерінен құралатын болады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды.

Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859409-kazakstanda-tagy-s-uezajdy-kody-zgertilui-mmkin/