RU

Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Казақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бүгін, 8 маусымда орын алған қайғылы жағдайды қалалық полиция департаменті растады.

"Түрксіб ауданында, Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде, 1951 жылы туған жергілікті тұрғын, отбасылық жанжал кезінде 1987 жылы туған күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын тегіс ұңғылы мылтықпен атып өлтірді. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсады",– делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, суық қару ер адамның өз атына тіркелген.

Қайғылы жағдайдың басқа да жағдайлары анықталуда.

Еске сала кетсек, Орал қаласында басы мен екі қолы жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Алдын ала болжам бойынша, жергілікті тұрғынды қайықтың моторы турап кеткен.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті. "Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859442-almatyda-er-adam-kyzy-men-kjeu-balasyn-atyp-ltirip-zine-kol-zmsagan/