RU

Елімізде коронавирус індетінен тағы екі адам көз жұмды

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 2 адам қайтыс болды. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індеттен көз жүмғандардың саны 58-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 1966 жылғы ер адам, Павлодар облысында 1957 жылғы әйел қауіпті дерттен көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша індеттен қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 10

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 10

Ақмола облысы – 4

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 6

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 7

Түркістан облысы – 1

Соңғы мәліметтерге жүгінсек, жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 859-ға жеткен.

Ал әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 7 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша әдеттегідей АҚШ көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859448-elimizde-koronavirus-indetinen-tagy-eki-adam-kz-zmdy/