RU

Ақтау жағажайларының бірінде құтқарушылар ер адамның денесін судан шығарып алды

Достар жағажайының құтқарушылары судан 30-40 метр қашықтықта ер адамның мүрдесін шығарды. Белгілі болғандай, оқиға 8 маусымда орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау жағажайларының бірінде құтқарушылар ер адамның денесін судан шығарып алды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ, Фото: Lada.kz: UGC

Облыстық ТЖД мәліметінше, кешкі сағат 19:00-де "Достар" жағажайының құтқарушылары ер адамның денесін судан шығарып алды. Мәйіт жағадан 30-40 метр жерде болды.

"Ер адамның жасы шамамен 35-40-та. Оның үстінде киімі жоқ еді. Өлімнің себеп-салдары анықталуда" - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі .

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің денесі табылғаны туралы жазған едік.

Оның суға аққан дене мүшелері екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылып жүріп, моторлы қайықтың астында қалып қойған.

Қайғылы оқиға сенбі күні түнгі 23.00 шамасында Шаған өзенінде орын алған.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

Моторлы қайықтың кімге тиесілі екені де беймәлім. Оның қожайыны жантүршігерлік жағдай орын алған жерден қашып кеткен көрінеді. Содан бері табылмай жатыр екен.

Қазіргі кезде күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859465-aktau-zagazajlaryny-birinde-ktkarusylar-er-adamny-denesin-sudan-sygaryp-aldy/