RU

UFC қазақстандық Мария Агаповаға шұғыл түрде қарсылас іздеп жатыр

UFC шұғыл түрде қазақстандық Мария Агаповамен жұдырықтасуға дайын күрескерді іздеуде. Арудың лигадағы дебюті келесі аптада өтуі керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

UFC жедел түрде қазақстандық Мария Агаповаға қарсылас іздеуде
Фото: instagram.com/mma.mashka: UGC

Агапова мен оның қарсыласы Мелисса Гатто арасындағы шайқасқа дейін бір аптадай уақыт қалды. Алайда, соңғы сәтте бразилиялық cпортшының ұрыс алаңына кіре алмайтыны белгілі болды.

Әзірге мұның немен байланысты екенін ешкім білмейді. Гатто Дональд Трамптың шектеулеріне байланысты АҚШ визасын ала алмады деп болжануда. COVID-19 қауіп-қатеріне байланысты ол Бразилияда болған барлық шетелдіктерге елге кіруіне тыйым салуға шешім қабылдады. Бразилиялықтардың өздері де АҚШ-қа кіре алмайды.

Гаттоның визамен қиындықтары барын MMA Junkie USA Today хабарлады. Алайда UFC әзірге бұл туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Дереккөз лиганың сондада 13 маусым күні қазақстандықты алаңнан көргісі келетінін сөз етті. Сондықтан UFC қазір шұғыл түрде оған қарсылас іздестіруде.

Айта кету керек, Гато UFC-мен 2018 жылдың соңында келісім-шарт жасасты, алайда оның лигада әлі бірде-бір шайқасы болған жоқ. Агапова, өз кезегінде, осы жылдың басында келісімшартқа қол қойған. Алайда оның жекпе-жегі пандемияға байланысты үнемі кейінге шегеріліп отырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859469-ufc-zedel-trde-kazakstandyk-maria-agapovaga-karsylas-izdeude/