RU

Еліміздің бас санитар дәрігері өз балаларына қандай вакцина салынғанын айтып берді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Facebook әлеуметтік желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" онлайн эфирінде өз балаларына және немерелеріне қандай вакцина салынғанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Менің екі балам бар. Оларға кеңес заманында екпе салған болатын. Ол кезде вакцина саламыз ба, жоқ па деген ой болған жоқ қой. Барлығы тәртіп бойынша жасалды. Мен өзім өкінбеймін, себебі бертін келе, бірнеше рет инфекция өршіді. Менің балаларым ауырған жоқ", - деді Айжан Есмағамбетова.

Министрдің сөзінше, бүгінде бір немересі екіде, ал екіншісі бірге келген. Дәл қазір оларға он бір вакцина салынуы қажет.

"Екеуі де екпенің бәрін алды. Сосын басқа бір жерде емес, өздері тіркелген емханаға барды. Бізге арнайы екпе салынған жоқ. Барлығына бірдей вакцина болды", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық ғалым Лесбек Құтымбетов елімізде коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленіп жатқанын айтқан еді.

Ғалым вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу үшін препарат бірнеше сатылы сынақтан өтуі керек екенін жеткізді. Қазір зертханалық тәжірибелер тышқандар мен қояндарға жүргізіліп жатыр.

"Клиникаға дейінгі сынаққа адамның қатысы жоқ. Бұл жерде зертханалық жануарлар қатысады. Тышқаннан бастап, қоян, атжалман, теңіз шошқасы, мысықтар мен иттер. Қазіргі уақытта біз вакцинаны тышқандар мен қояндарға салдық. Әзірге нәтиже жаман емес", - дейді Құтымбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859472-elimizdi-bas-sanitar-drigeri-z-balalaryna-kandaj-vakcina-salynganyn-ajtyp-berdi/