Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда бала ұстаған әйел 5-қабаттағы терезеден секірмек болды (видео)

Опубликовано:

Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғыны баласын өзімен бірге алып, 5-қабаттағы терезеден секірмек болды. Қуанышқа орай, құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

оооооооооо
Оқиға орны. Видодағы кадрлар: Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті: UGC

Ведомствоның мәліметі бойынша, хабарды алғаннан кейін құтқарушылар шұғыл түрде көрсетілген мекенжайға бет алады.

Ал тәртіп сақшылары көпқабатты ғимарат маңындағы аумақты бірден қоршаған.

Бір мезетте балалы әйелге шатыр арқылы түсу туралы шешім қабылданып, қызметкерлер мұны тыныш әрі жылдам жасады.

Бір құтқарушы жергілікті тұрғыннан қауіпті қадамға бармауын сұрап тұрғанда, енді бірі тәртіп сақшыларына есік ашты.

  • Бөлмеде тағы 4 жасар бала болған. Қуанышқа орай, бұл оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ, құтқарушылар алдымен баспалдақпен 5-қабатқа көтерілу туралы ойлары болғанын айтты.

Алайда оны байқап қалған әйел айғайлап, оған жақындар болса, баланы лақтыратынын, содан кейін өзі биіктіктен секіретінін айтып қорқытқан.

Содан кейін құтқарушылар үйдің төбесінен түскенді жөн санаған. Екі қызметкер біреуін сақтандырып тұрды.

Балалы келіншек эмоцияға беріліп, айқайға салып тұрғанда сол қабатқа құтқарушы түскенін байқамады.

Құтқарушы оны ұстап алғанда, әйел өзін босатуға тырысқан. Содан кейін әріптесі пәтерге кіріп, жағдай реттеліп, қала тұрғыны медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Әйелді мұндай әрекетке не итермелегені туралы әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы аудандық аурухананың үшінші қабатынан секірмек болған адам өлімнен аман қалған еді. Полицей Алмас Құсайынов оның өміріне араша түсіп, құтқарып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859532-kksetauda-bala-stagan-jel-5-kabattagy-terezeden-sekirmek-boldy-video/

pixel