RU

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 8 мыңнан асты

Елімізде тағы 29 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Осылайша, Қазақстан бойынша қатерлі дерттен жазылғандар саны 8015 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде тағы 29 адам инфекциядан емделіп шықты. Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 27,

Шығыс Қазақстан облысында - 2 науқас аурудан айыққан.

Осылайша, республика бойынша қатерлі дерттен жазылғандар саны 8015 адамға жетіп отыр. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 1679,

Алматы қаласында – 1929,

Шымкент қаласында – 443,

Ақмола облысында – 141,

Ақтөбе облысында – 244,

Алматы облысында – 287,

Атырау облысында – 834,

Шығыс Қазақстан облысында – 83,

Жамбыл облысында – 271,

Батыс Қазақстан облысында – 451,

Қарағанды облысында – 530,

Қостанай облысында – 141,

Қызылорда облысында – 304,

Маңғыстау облысында – 193,

Павлодар облысында – 172,

Солтүстік Қазақстан облысында – 48,

Түркістан облысы – 265 науқас емделіп шықты.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13 074-ке жетті.

Сондай-ақ бүгінгі таңда Қазақстанда 589 полиция қызметкерінен коронавирус анықталғаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859631-elimizde-koronavirustan-zazylgandar-sany-8-mynan-asty/