Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік жүргізушілер қашаннан бастап жеке куәлікті ғана алып жүре алады

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көлік жүргізушілері заң жобасы жыл соңына дейін парламентте қабылданса, онда ел тұрғындары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәлікпен ғана жүре алатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы көктемде тиісті бағдарламаны әзірлеуді тапсырған болатын. Біз оны интеграциялап, әзірлеп қойдық. Ал төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерде сынақтан өткізіп алдық", - деді Тұрғымбаев онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде полицейлер 13 мың планшет ұстап жүр. Оған жеке тұлғалар мен автокөліктер туралы мәліметтер, сондай-ақ, сақтандыру компанияларының ақпараты енгізілген. Техникалық тексеріс пен көлікті тіркеу деректері де бар.

"Техникалық жағынан біз жаңа бағдарламаға көшуге дайынбыз. Бірақ жеке куәлікті ғана ұстау туралы ұсыныс заң жобасына енгізілген. Ал заң жобасы мәжілісте жұмыс тобының қарауында жатыр", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.  

Оның сөзінше, жыл соңына дейін заң жобасы парламентте мақұлданса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәлікпен ғана жүруге болады. Басқа құжаттарды ұстаудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар онлай-брифинг барысында Ерлан Тұрғымбаев онлайн-сатып алу кезінде қазақстандықтарды қырағылық танытуға шақырды.

Себебі оқшаулану режимі кезінде қашықтықтан сатып алу мен онлайн тапсырыс берудің кең таралуы интернет-алаяқтық санының күрт өсуіне әсер еткен.

Мәселен жақында ғана оңтүстік астанада интернет арқылы айла-тәсілдер схемасын ұйымдастырған топтың жолы кесілген. Олар жалған криптовалютаны айналымға енгізіп, бір миллиард теңге көлемінде азаматтардың ақшасын қолды қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859648-klik-zrgizusiler-kasannan-bastap-zeke-kulikti-gana-alyp-zre-alady/

pixel