RU

Орал қаласында 5 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алды

Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус анықталған 18 адамның барлығы да – Орал қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Ал оның ішінде бесеуі – медицина қызметкерлері деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Орал қаласында 5 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Агенттіктің мәліметінше, COVID-19 анықталған төрт адам бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған.

11 адамнан эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, ал 3 адамнан профилактикалық мақсатта зертханалық сынама алынған.

Олардың бәрі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған.

Сонымен қатар клиникалық белгілері жоқ 23 адам (3 маусымнан осы кезге дейін барлығы – 215) тіркелген.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен алынған мәліметке қарағанда, өңірде сырқаттанғандар саны 863-ке жетсе, соның 451-і жазылып шыққан.

Қазіргі таңда 32 адам провизорлық, 135 адам карантиндік стационарда жатса, 1556 адам үйлерінде оқшауланған.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, қазіргі кезде бес адамның жағдайы өте ауыр. Екі емделуші жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұрын ауыр халде болған 2 жасар сәбидің жағдайы жақсарып келеді.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 245 адамнан COVID-19 инфекциясы табылып, жалпы ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 13 319-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859730-oral-kalasynda-5-medicina-kyzmetkeri-koronavirus-zktyryp-aldy/