Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құйрықты жұлдыздай жарқырап: "Астана Опера" театрының 35 жастағы солисі көз жұмды

Опубликовано:

"Астана Опера" театрының жетекші солисі, елімізге танымал балет артисі Таир Талғатұлы Ғатауов 36 жасқа қараған шағында мезгілсіз өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана Опера" театрының жетекші солисі қайтыс болды
Фото: Facebook/ Askhat Mayemirov: Getty Images

Қайғылы хабармен Асхат Маемиров өз Facebook парақшасында бөлісті.

"Қамшының сабындай ғана қып-қысқа дүние-ай...", - дейді бабаларымыз. Фәни жалғаннан құйрықты жұлдыздай жарқырап өнер әлеміндегі ініміз Таир Ғатауов өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі, елімізге танымал балет артисі Таир Талғатұлы Ғатауов 36 жасқа қараған шағында мезгілсіз өмірден өтті.

Таир бала кезінен көз алдымызда өсті. Әкесі Талғат Ғазизұлы Орал өңіріндегі жетекші хореографтардың бірі болғандықтан, Таир кішкене кезінен балет өнеріне іңкәр болды.

Он жастан асқан кезінде А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне оқуға түсіп, 2004 жылы үздік тәмамдады. 2003 жылдан бастап Елордамыздағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында еңбек етті.

2013 жылдан бастап "Астана Опера" театры балет труппасының жетекші солисті еді. 2007 жылы Италиядағы атақты "Ла-Скала" театрында тағылымдамадан өткен еді. "Дон Кихот" - Базиль, "Бақшасарай фонтаны" - Вацлав, "Аққулы көл" - Зигфрид, "Щелкунчик" - Щелкунчик-принц, "Баядерка" - Солор, "Спартак" - Красс, "Ұйқыдағы ару" - Дезире, "Қарагөз" - Нарша, "Ромео мен Джульетта" балетінде Ромео секілді әлемдік деңгейдегі өте күрделі партияларды орындап, қазақ балет өнерінде қайталанбас бейнелер жасады.

Қазақстан өнерін халықаралық аренада дәріптеуге жас болса да өлшеусіз еңбек етті. Әкесі мен Анасына қайғырып көңіл айтамын.
Өмірлік серігі Әсел келінІмізге көңіл айтамын. Өте ауыр қаза. Алла Тағала алдынан жарылқасын! Соңында қалған қос қызғалдағына Жаратушы Иеміз ұзақ ғұмыр бергей! Таир ініміз - жарқылдаған, мейірімді бауырымыз еді... Бес күн жалған дүние-ай... Қош, Таиржан!",- деп жазды ол.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859752-astana-opera-teatryny-solisi-mezgilsiz-kajtys-boldy/

pixel