RU

Бельгия ханзадасына Испанияда карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды

Испанияның Андалусия билігі коронавирустың таралуына байланысты енгізілген карантин режимін бұзғаны үшін бельгиялық Йоахим ханзадаға 10,4 мың еуро айыппұл салды. Бұл туралы сәрсенбі, 10 маусымда Испания үкіметінің өкілі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Известия басылымына сілтеме жасап.

оооооооооо
Фото: ТАСС: UGC

Бельгия королі Филипптің 28 жастағы туысы 24 мамырда оқу іс тәжірибесінен өту үшін Андалусияға жеткен. Содан кейін ол екі апталық карантинді сақтауы керек болыпты.

Алайда, бірнеше күн өткен соң, Йоахим кешкі сауық-сайран құруға шығып, карантин режимін бұзады, нәтижесінде тест ханзаданың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын анықтады.

Кейінірек ханзада оқшаулау шараларын сақтамағаны үшін кешірім сұрап, барлық шараларды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.

Шенеуніктердің айтуынша, белгиялық патша отбасының өкіліне айыппұлды төлеуге 15 күн берілген. Қазіргі уақытта ол Испанияда карантинге жатқызылды.

  • Worldometer халықаралық статистика бюросының мәліметінше, 10 маусымға дейін Испанияда коронавирус жұқтырудың 289 360 жағдайы тіркелді, індеттен 27 136 адам қайтыс болды.

Елдегі жағдайға келсек, Қазақстанда тағы 239 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13 558-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859859-belgia-hanzadasyna-ispaniada-karantindi-bzgany-sin-ajyppl-salyndy/