Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шежірелі Маңғыстау" фотоэкспедициясы өтті

Опубликовано:

Маңғыстау - еліміз бойынша туризмді дамытуға әлеуеті жоғары аймақ. Мұнда Каспий теңізінен бөлек сәні мен сулеті жарасқан жер асты мешіттері, пішіні өзге жерде кездеспейтін табиғи тау-тастары, дархан даласы мен сан ғасырлық дәстүрге бай өңір.

маңғыстау
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: Twitter

Туризм бағытын одан әрі дамыту үшін Маңғыстау облысының әкімдігі мен Инвестиция және туризмді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет фотоэкспедиция өтті. Шараның негізгі мақсаты - өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, туристерге таныту.

маңғыстау
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Экспедиция мүшелері – еліміздің әр аймағынан келген кәсіби фотографтар. Олар түбектіңбірқатар туристік әрі көрікті жерлерін аралап, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия ауданында болып, алғаш рет өңірдің киелі жерлеріне таңғы және түнгі әдіспен фото-түсірілім жасады.

Атап айтсақ, Бозжыра, Ыбықты сайы, Тамшалы, Жығылған, Саура, Шерқала, Айрақты секілді Маңғыстаудың сырлы жерлерін мамандар фототұзаққа түсірді.Экспедиция мүшелері шұбаттың отаны саналатын мекеннің салт-дәстүрін, өмір салтын суретпен сөйлетті.

маңғыстау
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: Getty Images
«Маңғыстау - бұл табиғаттың сұлулығына қанық бола алмайтын жер, сұлулығымен және сиқырымен сізді қайта-қайта оралуға мәжбүр етеді. Маңғыстау табиғатының көркемдігіне көз тоймайды. Салт-дәстүрді өте берік ұстанған жер. Түйе шаруашылығы дамыған. Шұбаттың отаны саналады. Осының бәрін болашақ ұрпаққақалдырғымыз келеді. Мың сөзді бір суретпен жезгізу бар мақсатымыз, - дейді «Фотоөнер» ҚБ мүшесі Мақсат Шағырбай.
маңғыстау
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: Twitter
«Фотография - бір ұғым болғанымен оның жанры әр түрлі. Біздің құрамдағы шебер мамандардың бірі табиғатты, бірі адамның бейнесін, енді бірі туристікәлеуетін фототұзаққа алды. Шетелдің кереметжерлері мен нысандарын ғаламторданіздегенде кәсіби суреттерге тап боласың. Ал, бізде көбінесе әуесқой түсірген сапасызсуреттер шығады. Осы олқылықтың орнынтолтыру үшін де аталған жұмысты қолғаалдық», - дейді Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, фотогроф Оңғарбек Алхаров.

«ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» фото-экспедициясында түсірілген суреттерді www.fotooner.kz сайтынан және республикалық БАҚ беттерінен тамашалай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860005-sezireli-magystau-fotoekspediciasy-tti/

pixel