RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 314 адам тіркелді

Елімізде тағы 314 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 872-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстанда өткен тәулікте 314 адамнан коронавирус табылғаны белгілі болды.

Олардың 52-і Қарағанды облысынан, 50-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 48-і Ақтөбе облысынан, 48-і Алматы қаласынан, 29-ы Шымкент қаласынан, 20-ы Алматы облысынан, 15-і Батыс Қазақстан облысынан, 14-і Атырау облысынан, 11-і Маңғыстау облысынан, тоғызы ШҚО-дан, бесеуі Жамбыл облысынан, төртеуі Түркістан облысынан, төртеуі СҚО-дан, екеуі Ақмола облысынан, екеуі Павлодар облысынан және бір адам Қостанай облысынан.

Ауру өсімі 2,3% құраған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 248 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Қазіргі таңда жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 8593-ке жетіп отыр. 67 адам коронавирустан қайтыс болған.

Еске сала кетейік, күні кеше үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізді.

Жиында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз баяндамасында халық арасында санитарлық тәртіптің сақталмауының кесірінен елімізде коронавируспен ауырғандар саны көбейіп келе жатқаны байқалатынын атап өтті.

Осыған орай, премьер-министрдің орынбасары ауру саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860030-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-314-adam-tirkeldi/