Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңгетайлар клиенттерге сатқан": Шымкентте бір топ жезөкшелер қолға түсті

Опубликовано:

Шымкент қаласында жезөкшелікпен айналысқан төрт қыз бен оларды клиенттерге "сатып отырған" жеңгетайлар қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Ведомство мәліметінше, 1 маусымда Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырған.

Соның нәтижесінде Республика даңғылында жеңгетайлықпен айналысқан екі келіншектің жеңіл жүрісті қыздардың қызметін "клиенттерге" ұсынып отырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309 бабы 1 тармағымен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

"Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыздар полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды. Екінші жеңгетайдын жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары полиция тарапынан жүргізіліп жатыр. Жыл басынан қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты анықталған. Олардың жеті моншада, үш массаж салонында және екі жалдамалы пәтерлерде орын алған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында қонаққа барған әйелді танысы зорлап тастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860111-zegetajlar-klientterge-satkan-symkentte-bir-top-zezkseler-kolga-tsti/

pixel