RU

Арменияда тіркелген көлік иелеріне екі ел салығын төлеу міндеттелуі мүмкін

Еліміздің қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында армян көліктері үшін қосымша салық енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жамаубаев 1 ақпанға дейін елімізге кірген көліктер уақытша тіркеуге алынатынын еске салды. Ондай автоға көлік салығы салынбақ.

Министрдің сөзінше, 1 ақпаннан кейін жеткізілген армян көліктері үшін барлық салықты төлеуге тура келеді. Соның ішінде кедендік баж салығы мен утилизациялық алым бар.

"Сосын Армения Республикасының мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуді талап етуі мүмкін. Біз осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің территориямызда жүрген көліктер өзімізге салық төлесін деген ұсыныс жасадық", - деді ол.

Осыған дейін Еуразиялық экономикалық одаққа кірген Арменияға бірқатар салықтық жеңілдік берілген болатын. Соның арқасында шетелден келген көліктер арзанға түсті. Қазақстандықтар осыны пайдаланып, армян көліктерін жаппай сатып алуға кіріскен. Осылайша, елімізде шетел нөмірін тағып жүрген көліктер көбейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары журналистерге Қазақстанда тіркелгеннен кейін ЕАЭО елдерінен әкелінген барлық көліктерге ілу жоспарланған нөмірлік белгілердің алғашқы үлгісін көрсеткен еді.

Олар сары түсті және өңірлік нөмірдің орнына 18 саны болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860177-armeniada-tirkelgen-klik-ielerine-eki-el-salygyn-tleu-mindettelui-mmkin/