RU

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 14 мыңнан асты

Елімізде тағы 366 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша Қазақстанда коронавирсупен ауырғандар саны 14238-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Қазақстанда өткен тәулікте 366 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Олардың 77-і Қарағанды ​​облысынан, 46-ы Алматы қаласынан, 46-ы Шымкент қаласынан, 35-і Павлодар облысынан, 32-і Атырау облысынан, 24-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 20-ы Батыс Қазақстан облысынан, 20-ы Түркістан облысынан, 10-ы Ақтөбе облысынан, 10-ы Алматы облысынан, 10-ы ШҚО-дан, тоғызы Жамбыл облысынан, сегізі СҚО-дан, жетеуі Қызылорда облысынан, бесеуі Қостанай облысынан, төртеуі Ақмола облысынан жәе үш адам Маңғыстау облысынан. Ауру өсімі 2,6%", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өткен тәулікте 236 адам коронавирустан емделіп шыққан. Қазіргі таңда елде COVID-19-дан айыққандар саны 8829-ға жетіп отыр.

Сондай-ақ, 12 маусымда коронавирустан болған үш өлім жағдайы тіркелген. Марқұмдар Павлодар мен Маңғыстау облыстарынан. Бүгінгі таңда Қазақстанда COVID-19-дан көз жұмғандар саны 70-ке жетті.

Айта кетейік аймақтарда коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантин шаралары күшейтілуде. Олардың қатарында Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды Алматы, Маңғыстау облыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860205-kazakstanda-koronaviruspen-auyrgandar-sany-14-mynan-asty/