RU

15 маусым күні Алматыда кинотеатрлар ашыла ма

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлар ашылады деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кинотеатрлар 15 маусымнан бастап жұмысын қайта бастайтыны туралы ақпарат тараған.

"Әлеуметтік желілерде 15 маусымнан бастап Алматы қаласында кинотеатрлар ашылады" деген ақпараттың тарауына байланысты, оның шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз. Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу жиілігі бәсеңдемей тұрғандықтан, қазіргі уақытта қала аумағындағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беру мәселесі қаралған жоқ", - дейді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Бекшиннің сөзінше, вирус жұқтырудың негізгі көзі – адамдар көп жиналатын орындар. Олардың арасында кинотеатрлар бар.

Айта кетейік, оңтүстік астанада коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға да шектеу қойылған.

Еске сала кетейік, соңғы деректер мәліметер бойынша елімізде тағы 366 адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 14 238-ге жетіп отыр. Олардың 3051-і Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860207-15-mausym-kni-almatyda-kinoteatrlar-asyla-ma/