RU

Теңіз кенішінде карантин тағы екі аптаға созылды

Атырау облысының Теңіз кенішінде карантин шектеулері 26 маусымға дейін ұзартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің хабарламасыны сәйкес Теңіз кен орнында эпидемияға қарсы шаралар күшейген.

"Атап айтқанда маска режимі, қоғамдық орында әлеуметтік арақашықтықты ұстану, нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатысты шаралар қатаң бақылауға алынды.
Өнеркәсіп орнынан жұмыскерлерді шығару нәтижесіне қарай персоналға қатысты шешім қабылданады. Теңіздегі өндіріс процесі тоқтамайтындықтан кен орнына кіретін жұмысшылардың тізімі алдын ала дайындалады.
Вахтаға дейінгі бес күн ішінде олар тес тапсырып, оқшаулануы тиіс. Тек алтыншы күні ғана індет жұқтырмағаны белгілі болған соң жұмысқа кіріседі", - делінген Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің хабарламасында.

Теңізден үйіне қайтатын жұмыскерлерге де осындай алгоритм қолданылады. Жұмысшы тест тапсырады, бес күн оқшауланады. Коронавирус жоқ болса үйіне қайтады. Тек ол 14 күн бойы үйінен шықпай, карантинде отыруы керек.

Одан бөлек, бас санитарлық дәрігер арнайы қаулы шығарып, денсаулық сақтау басқармасы мен "Теңізшевройл" ЖШС-не кен орнындағы барлық жұмысшыны әрі қарай да ПТР тестілеу арқылы тексере беруді тапсырды.

Кенішке кіреберіс пен шығаберістегі блок-бекеттер әзірге алынбайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Теңіз кенішінің жүзге тарта жұмысшысы карантин режимін жеңілдетуді талап еткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860216-teiz-kenisinde-karantin-tagy-eki-aptaga-sozyldy/