Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев тағы да қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ президент коронавирус жұқтырған мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға тезірек сауығып кетуін тіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, соңғы мәліметтері бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 14 мыңнан асқан. Өткен тәулікте тағы 366 адамнан COVID-19 инфекциясы табылған.

Сонымен қатар 236 адам ауруынан айығып шықса, үш пациент қайтыс болған. Өлім жағдайлары Павлодар мен Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Ал, бүгін 12 маусымда жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус белгілері жоқ 623 адам анықталған. Қазіргі таңда жалпы ауру белгілері жоқтардың саны 3782-ге жетіп отыр.

Айта кетейік аймақтарда коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантин шаралары күшейтілуде. Олардың қатарында Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды Алматы, Маңғыстау облыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860227-tokaev-tagy-da-kazakstandyktardy-karantin-talaptaryn-saktauga-sakyrdy/

pixel