Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елге "Қыдыр атаның сүйікті ұлы" деп танылған белгілі емші өмірден озды

Опубликовано:

Елге "Қыдыр атаның сүйікті ұлы" деп танылған Жанарыс Жақсылықұлы 52 жасында өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанарыс Жақсылықұлы. Фото: instagram.com/kydyr_ata
Жанарыс Жақсылықұлы. Фото: instagram.com/kydyr_ata: Depositphotos

Емшенің қазасы жайлы оның ауылдасы айтты.

"Жаназасы ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11-ге белгіленді. Қазір өзім сол жаққа бара жатырмын. Ол кісі менің әкеммен құрдас", - дейді Сексеуіл кентінің тұрғыны Нұрлан Смағұлов.

Емшінің қазасы туралы көпшілікке әлеуметтік желі арқылы қазақстандық танымал блогер​ Ғалым Байтөк те хабарлады.

"Бүгін Ақтөбеден қайғылы хабар алдым. Менің досым, белгілі емші, " Халық сүйіктісі" жүлдесінің лауреаты Жасарал Еңсепов (Қыдыр ата) өмірден озды. Жақында ғана оның туған күнінде болып едім. Бақұл бол, досым, иманды болсын", - деп жазды блогер Facebook парақшасында.

Пікір білдірушілердің барлығы қазаға қайғыра көңіл айтуда.

Қайғылы жағдайды көршілері де естіген.

"Қайтыс болды дегенді естідік. Кеше кешкілік осы маңда адам көп жүрді. Өзім осы жаққа қонаққа келген адаммын", - дейді қала тұрғыны Тұрсынай Аяпова.

Жанарыс Жақсылықұлы осыған дейін KAZ.NUR.KZ-ке берген сұқбатында тіл-көзден қатты сақтанатынын айтқан еді.

Айта кетейік, емшімен қоштасу 14 маусым күні туған жері Қызылорда облысы Сексеуіл кентінде Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 11-де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860231-elge-kydyr-atany-sjikti-ly-dep-tanylgan-belgili-emsi-mirden-ozdy/

pixel