Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Буынсыз адам" атанған талантты қазақ жігітінің қара жұмысқа салынғаны рас па

Опубликовано:

Асхат Хасенғали есімді белсенді әлеуметтік желідегі парақшасында ел арасында акробатика әдістерімен кеңінен танылып, "буынсыз адам" атанған Айдос Тоқтарбаев туралы жазба арнады. Ол біртуар өнер иесінің болашағы үшін алаңдаушылық білдіретінін жеткізіп, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Айдос Тоқтарбаев
Фото: Facebook/Айдос Тоқтарбаев: Instagram
"Суретте Айдос Тоқтарбаев есімді нағыз талант. Біреуіңіз танып, біреулеріңіз танымауларыңыз мүмкін. Бала кезімде талай мәрте теледидардан қылыш жұтып, төртбұрышты қорапқа бүктеле сиып кеткенін көріп, аузым ашылып, таңданғаным әлі есімде.

Біраз жыл болды көрінбей кетті. Сөйтсем адал еңбекпен нан тауып жүр екен. Үй салып, құрылыс жасайтын сияқты. Онысын facebook парақшасына салыпты. Әрине, ешкімнің ала жібін аттамай, ыстық күннің астынды үй салып, мал бағып (өз шаруашылығы болса керек), маңдай термен қаржы тауып жүргені құптарлық іс. Өйткені адал еңбек қой.

Бірақ менің ойымша бұндай талантты жігіттің орны қазақтың киелі сахнасы. Құрметті Ақтоты Райымқұлова ханым, мәдениет саласының министрі ретінде осы жігітке де бір қарап қоюларыңызды өтінемін.

Бұл жігіттің неге өнерден алыстап кеткенін, неге сахнадан және телеарнадан көрінбей кеткенін білмедім. Бірақ ішкі ойым қазақтың таланттары қор болмаса екен деймін. Өнері босқа өлмесе деп тілеймін", - деді Асхат Хасенғали Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860351-buynsyz-adam-atangan-talantty-kazak-zigitini-kara-zmyska-salyngany-ras-pa/

pixel