RU

Сұлтанқызы: Отбасымен вирус жұқтырған туысым "ауруханада орын жоқ" деп зар жылады

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жақын туыстарынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақпарат өкілінің құдашасы түгел отбасымен C0VID-19 вирусын жұқтырып алып, емделуге аурухана таппай зар жылаған. Елордада науқастардың саны сағаттап өсіп жатқандықтан, емханаларда орын болмай жатса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы әлі де вирустың барына сенбей, оған немқұрайлы қарап жүрген отанжастарына Instagram парақшасында үндеу жолдады. Тележүргізуші көпшілікті барынша сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Оған қоса, ол коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп жатқандықтан дәрігерлер мен жедел жәрдем үлгермей жатқанын айтты.

"Бірнеше күн бұрын құдашам отбасымен коранавируспен ауырып қалды. Түн ішінде маған хабарласып, ауруханаға баруға мүмкіндік жоқ, барлық жерде адам толық екенін айтып зар жылады.

Жағдайға бейжай қарау мүмкін емес, танитын, білетін дәрігерлерге хабарластым. Шынымен де аурулар саны сағат сайын өсіп, қалада дәрігерлердің, жедел жәрдемнің үлгермей жатқанын айтты. ⠀ Отбасыңмен түгел шарасыз халге түскеннен артық қиындық бар ма? Құрметтілерім, бұл менің жақындарымның басынан өтіп жатқан жағдай.

“Қалтаңда ақшаң болса ғана емдейді” деген өтірік сөз. жедел жәрдем үлгермей жатса, участковый дәрігер жете алмай жатса, ештеңе істей алмайсың. Сондықтан өтініш сақтаныңыздаршы.

Кеше президентіміз де сақтық шараларын қатаң ұстаңдар деп жатыр. Танымал тұлғалардың ауырып жатқанын білсек те, бүгін Біртановтың ауырып қалғаны көңілге кәдімгідей қаяу түсірді. Тезірек жазылып шықсыншы. Сақтанбасақ бұл вирус оңайлықпен кетпейді екен" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бағлан Әбдірайымов та таныстары да коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860381-sltankyzy-otbasymen-virus-zktyrgan-tuysym-auruhanada-oryn-zok-dep-zar-zylady/