Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл қонды: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Опубликовано:
Жамбыл облысында премьер-министр Асқар Мамин мен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл түрде қонды. Аталған оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Казавиаспас" әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 маусымда Мамин А.Ұ. мінген "Казавиаспас" АҚ-ның Ми-170 тікұшағы аймақта авиамониторинг жүргізу үшін Алматыдан Жамбыл облысына ұшып шықты. Ұшу кезінде ұшқыштың бақылау тақтасында "қосарлаушы гидрожүйе" таблосы жанды.
Ұшқыш нұсқаулыққа сәйкес Тараз қаласында шұғыл түрде қонды. Қазіргі уақытта гдравликалық жүйенің істен шығуының себебін анықтау үшін азаматтық аиация саласындағы уәкілетті орган (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) комиссия құрды", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында премьер-министр Асқар Мамин мен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мінген тікұшақтың шұғыл түрде қонғанын бұған дейін журналист Денис Кривошеев хабарлаған еді.
Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған журналист әуе кемесінің гидрожүйесі істен шыққанын атап өтті. Оның ақпарынша, тікұшақ Тараздан 150-ден астам шақырым жердегі Тасөткел ауданында қонған.
Кривошеев аталмыш жайттың мән-жайын арнайы комиссия анықтайтынын мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860455-mamin-men-saparbaev-mingen-tiksak-sgyl-kondy-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/