RU

Бұрынғы энергетика вице-министрі Шкарупа үйқамаққа жіберілді

Қазақстанның бұрынғы энегетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ол үйқамаққа алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қорғаушы Нұрлан Бейсекеевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Анатолий Шкарупа. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Анатолий Шкарупа. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі: Facebook
"Ақыры орындалды. Қарағанды облыстық сотының қаулысымен Шкарупа Анатолий Валерьевич істі қарау кезеңіне қамаудан босатылып, үйқамаққа ауыстырылды", – деп жазды Бейсекеев.

Ол сондай-ақ омбудсмен Эльмира Азимоваға ерекше алғысын білдірді.

"Енді заңдылықты, әділеттікті қалпына келтіру және адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін кімге жүгіну керектігін білемін", – деді ол.

Еске сала кетейік, Анатолий Шкарупа 2018 жылғы қарашада тұтқындалған болатын.

Экс-шенеунік Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қорының экс-төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Байдалы және "Energo" ЖШС директоры Ерлан Нәбиев 215 миллион теңгені ұрлады деген айыппен сот алдына келді.

Ал былтыр желтоқсанда бұрынғы энергетика вице-министрі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына арыз жазды.

Ол жазған хатында "елдегі соттардың азаматтардың жеке бас бостандығына конституциялық құқығын бұзуы" туралы дәлелдер келтіргенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860467-bryngy-energetika-vice-ministri-skarupa-jkamakka-ziberildi/