Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкелуге болмайды": ҰБТ кезінде калькуляторды қолдану тәртібі жарияланды

Опубликовано:

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов биыл ҰБТ кезінде калькуляторды қолдану тәртібін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Смағұловтың сөзінше, ҰБТ кезінде талапкерлерге өзімен бірге калькулятор алып келуге болмайды.

"Жалпы, калькулятор тыйым салынған заттарға жатады. Оны әкелуге болмайды. Әрбір аудиторияда калькулятор орнатылады. Соның көмегімен қосу, алу және көбейту сияқты қарапайым арифметикалық мысалдарды шешуге болады. Осылайша, балаларға қосымша бонус беріліп отыр", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры онлайн брифингте.

Оның айтуынша, калькулятор қолдануға рұқсат берерден бұрын мамандар тест тапсырмаларын ғана емес, әлемдік тәжірибені де зерделеп шыққан. Сол кезде калькулятордың көмегімен нақты бір сұраққа жауап табуға болмайды деген шешімге шығарылыпты. Ондай құрылғы тек уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.   

"Калькуляторда формула, теорема, физика заңдары немесе химия реакциялары сақталмаған. Оны сұраққа тез жауап беру үшін ғана қолдануға болады. Біз осыны министрге жеткіздік. Ол калькуляторды пайдалануға рұқсат берді", - деп атап өтті Смағұлов.  

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының директоры ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункттерде санитарлық шаралар туралы айтқан еді. Оның мәліметінше, әрбір тест тапсырушы дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860496-keluge-bolmajdy-bt-kezinde-kalkulatordy-koldanu-trtibi-zarialandy/

pixel