RU

Коронавирус жұқтырған Біртановтың жағдайы қалай

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін медициналық мекемеде емделіп жатыр. Оның жағдайы туралы мәлімет пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрдің жағдайының орташа ауыр екенін айтқан.

Оның сөзінше, Елжан Біртановта пневмония. Министр ауруханада жатып емделуде. Осыған қарамастан, ведомство басшысының коронавируспен күрес жөніндегі штаб жұмысын онлайн жүргізіп жатқанын белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Кейін денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860542-koronavirus-zktyrgan-birtanovty-zagdajy-kalaj/