RU

Ресейде суға батқан қызды құтқарамын деп төрт адам көз жұмды

Забайкальедегі Онон өзенінде 15 жастағы жасөспірім қызды құтқарамын деп төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Аймақтың тергеу басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға дүйсенбі кеше кешкісін Онон ауданында орын алған.

Анықталғандай Онон өзінің бойында туыстар демалған. Олардың арасында қыз да болған.

"Шомылу кезінде 15 жастағы қыз судың иіріміне тап болып, бата бастаған. Үлкендер оны құтқару үшін өзенге секірген. Оларға жақын маңда балық аулап жүрген тағы үш балықшы қосылған. Нәтижесінде қызды құтқару мүмкін болды. Алайда төрт ересек, соның ішінде 45 жастағы әйел мен 41, 58 және 64 жастағы үш ер адам батып кеткен", - деді ведомстводан.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Тергеушілер мен полицейлер оқиға орнын қарап шығып, куәгерлерден жауап алған. Табылған заттар сараптамаға жіберілген. Үш ер адам мен әйелдің денесі іздестірілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 8 жасар қыздың суға кеткені хабарланған.

Сондай-ақ, Түркістан облысында бір тәулікте екі бірдей бозбала суға кетіп, көз жұмғанын жазған едік. Қайғылы жайттардың бірі Ұзынбұлақ, екіншісі Құлан су қоймасында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860554-resejde-suga-batkan-kyzdy-ktkaramyn-dep-trt-adam-kz-zmdy/